Роза Рымбаеваның Ақтауда берген концерті желіде қызу талқыланды

Концертке 50-ге жуық қана қала тұрғыны жиналған.

Роза Рымбаеваның Ақтауда берген концерті желіде қызу талқыланды
видеодан алынған кадр
1045

Наурыз мейрамы мен Амал мерекесінің құрметіне Роза Рымбаева ашық аспан астында концерт берді.

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Роза Рымбаева концертінен бас тартпай, аздаған көрермен алдында өнер көрсетті.

«Концертті өткізбейік дегенбіз, бірақ Роза Рымбаева үзілді-кесілді бас тартты. Ақтаулықтар қашаннан мықты адамдар, олар бұл қаланы ыстықта, қақаған аязда, қатты желде және сусыз даланың арасында тұрғызған. Сондықтан бұл концерт ақтаулықтарға құрмет», – деді ұйымдастырушылар.

Қатты желге қарамастан концертке 50-ге жуық қала тұрғыны жиналды. Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, қызу талқылады.

«Көрісу күні болып, үйімізге қонақ шақырып қойдық», «Концерт уақыты сәйкес келмеді», «Ауызашар уақытында концерт бере ме?», - деп жазды оқырмандар.

 

Серіктес жаңалықтары