758
Алматының барахолкасындағы жолға «Сергектер» орнатылады
Алматыда барлығы 10 мыңға жуық бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр.
Алматының барахолкасындағы жолға наурыз айының соңына дейін «Сергек» бейнебақылау камералары орнатылады, деп хабарлады turkystan.kz.
Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында осындай тапсырма берді. Тұрғындар Солтүстік айналма жолын ретке келтіруді және ретсіз көлік тұрағына тыйым салуды сұрады. Қала тұрғындарының айтуынша, бұл аумақтағы жол қозғалысы ережесін такси жүргізушілері елемейді.
«Биыл Алатау ауданында барлығы 37 «Сергек» камерасын орнату жоспарланған. Соның бірін наурыз айының соңына дейін Солтүстік айналма жолына орнатуды тапсырамын», - деді Ерболат Досаев.
2024 жылы Алматыда барлығы 10 мыңға жуық бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр.