"Ақша дисморфиясы": Ғалымдар әлеуметтік желі адамды кедейлендіретінін анықтады

Credit karma-ның жақында жүргізген есебіне сәйкес, Америкалықтардың үштен біріне жуығы немесе 29%-ы қазіргі қаржылық жағдайын басқалармен салыстырып, өзін өзгеден төмен сезінеді екен.

"Ақша дисморфиясы": Ғалымдар әлеуметтік желі адамды кедейлендіретінін анықтады
сурет: in.gr
915

Әлеуметтік желі адамның өзін-өзі бағалауына кері әсер ететінін зерттеулер дәлелдеді. Бұл адамдардың сыртқы келбеті мен әлеуметтік жағдайына деген көзқарасына ғана емес, сонымен қатар қаржылық әл-ауқаты мен экономикалық жағдайына да теріс ықпалы бар екені анықталды. Бұл туралы cnbc.com жазды.

Credit karma-ның жақында жүргізген есебіне сәйкес, Америкалықтардың үштен біріне жуығы немесе 29%-ы қазіргі қаржылық жағдайын басқалармен салыстырып, өзін өзгеден төмен сезінеді екен. Осы орайда "ақша дисморфиясы" деген жаңа термин пайда болып отыр. Яғни, ғалымдар адам әлеуметтік желіде неғұрлым көп уақыт өткізсе, соғұрлым өзін қаржылық жағынан нашар сезінеді. 

Сондай-ақ зерттеуде әлеуметтік желіде көп уақыт өткізу адамға өмірін кейінге қалдырып, жоспарынан қалуға, қымбат және қажет емес заттарды сатып алуға итермелейді деген тұжырым айтылған.

Серіктес жаңалықтары