Мемлекет басшысы: Әрбір азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс

Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы сөзінде айтты.

Мемлекет басшысы: Әрбір азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс
akorda.kz
703

Жұртымыз басына түскен тауқыметтің бәрін мызғымас бірліктің арқасында жеңіп келеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы сөзінде айтты, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Тағы бір іргелі құндылық – бірлік және ынтымақ. Біздің күшіміз – бірлікте. Жұртымыз басына түскен тауқыметтің бәрін мызғымас бірліктің арқасында жеңіп келеді. Орасан зор сын-қатерлер пайда болған қазіргі заманда ынтымақ-бірліктің маңызы арта түсті.

Қазақстан – бәріміздің қасиетті қара шаңырағымыз. Сондықтан әрбір азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс. Біздің күшіміз – ынтымақта. Еліміздің әлеуметтік саясаты осы құндылыққа негізделген. Мемлекет те, қоғам да көмекке шын мұқтаж адамдарды қолдауға қашанда дайын.

Біздің еріктілеріміздің ерен еңбегі – жанашыр болудың шынайы үлгісі. Олар кез келген сәтте өзгелерге риясыз көңілмен көмектесуге ұмтылады. Бизнес өкілдері және басқа да азаматтарымыз түрлі қайырымдылық шараларға белсене атсалысады. Бұл да – тілеулес болудың айқын көрінісі.

Халқымыздың қанына сіңген жанашырлық, қамқорлық, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттер біздің ұлттық ерекшелігіміз болып қала береді», – деді Президент.

Серіктес жаңалықтары