812
«Анасымен ренжісіп қалған»: Түркістанда 14 жастағы қыз жоғалып кетті
Полицияға жас қыздың анасы шағымданған.
Түркістанда 14 жастағы қыз кешкі уақытта ешкімге ескертпестен үйінен шығып, қайтып оралмаған. Жақындары оны өздері іздеуге тырысқан, бірақ нәтиже болмапты, деп хабарлады turkystan.kz otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияға жас қыздың анасы шағымданған. Іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары жасөспірімнің баруы мүмкін деген жерлерді қарап, жақын достарынан, таныстарынан сұрастыру жұмыстарын жүргізген. Полицейлер жас қызды саябақта қыдырып жүрген жерінен тапты.
«Белгілі болғандай, жасөспірім қыз анасымен ұрысып қалған екен. Жанжалдан соң үйінен қашып кетіп, достарының үйінде түнеген. Мектеп оқушысы отбасына тапсырылды», – делінген хабарламада.