900
38 жастағы әйел он екінші баласын босанды
Ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы
Қырғызстанның Кемин ауданында 38 жастағы келіншек өзінің 12-перзентін дүниеге әкелді, деп хабарлады turkystan.kz El.kz сайтына сілтеме жасап.
Осылайша алтын құрсақты 38 жастағы Үміт Құланазарова сегіз қыз бен төрт ұлдың анасы болды. Әйел перзентхананың медициналық қызметкерлеріне мұқият қарым-қатынас жасағаны үшін алғыс айтып, босану сәтті болғанын хабарлады.
Дәрігерлердің айтуынша, ана мен жаңа туған нәрестенің жағдайы жақсы