Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады?

Республиканың барлық аумағында жел күшейеді, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста және орталықта жаяу борасын соғады

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады?
inform.kz
1716

«Қазгидромет» РМК 16-18 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Алдағы үш күнде батыста, солтүстік-батыста, апта соңында Қазақстанның шығысында, 17-18 наурыз күндері Қызылорда облысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Жауын-шашын болады.

18 наурызда Батыс Қазақстан, Атырау облысында, 17 наурызда Маңғыстау облысында қатты жауын-шашын, жаңбыр аралас қар жауады. 

16-17 наурызда Түркістан облысында, 17-18 наурызда еліміздің солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық облыстарында, 18 наурызда Шығыс Қазақстанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың барлық аумағында жел күшейеді, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста және орталықта жаяу борасын соғады. 

Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы біртіндеп 8-20 градусқа, солтүстік жартысында 0-8 градусқа дейін көтеріледі. 

Серіктес жаңалықтары