1583
Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды
Шешім жобасы Ашық НҚА порталында көрсетілген
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың шешімімен қалада төтенше жағдай жарияланды. Шешім жобасы Ашық НҚА порталында көрсетілген, деп хабарлады turkystan.kz.
Абай облысы Семей қаласы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Семей қаласы әкімінің орынбасары Р.М.Досмағанбетов тағайындалсын және табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 15 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады, – делінген хабарламада.