Алматыда 15 жастағы жасөспірім үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Баланы екі күн бұрын Алматы маңындағы базарлардың бірінде көрген

Алматыда 15 жастағы жасөспірім үш күннен бері іздестіріліп жатыр
instagram.com/volontery_almaty_lider.kz
921

Алматыда полиция 15 жастағы жасөспірімге қатысты іздеу ісін бастады. Жасөспірім болуы мүмкін орындарға тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Жоғалған адамды іздеу операциясына жедел уәкілдер, ювенал полиция басқармасының қызметкерлері және еріктілер жұмылдырылған.

Мәліметтер бойынша, баланы екі күн бұрын Алматы маңындағы базарлардың бірінде көрген.

Серіктес жаңалықтары