Жасанды интеллект алименттен қашып жүрген азаматты тауып берді

Сот шешімінен жалтарып жүрген азамат тоқтатылып, көлігі айыппұл тұрағына қойылды

Жасанды интеллект алименттен қашып жүрген азаматты тауып берді
depositphotos.com
997

"Қорғау" ақылды жүйесі ер адамның көлікпен жүруіне де тыйым салынғанын анықтаған, деп хабарлады turkystan.kz өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жүйе орнатылған полиция көлігі көшені патрульдеу кезінде ВАЗ-21150 автомашинасын тізгіндеп жүрген заң бұзушыны анықтады. Көлік құралының иесі 2 млн теңгеге жуық алимент қарызын төлемей келген. Ал көліктің жүруіне тыйым салынған. Сот шешімінен жалтарып жүрген азамат тоқтатылып, көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Ер адам борышын толық өтегенше сонда тұрады. 

Серіктес жаңалықтары