Ақтөбеде 400 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтеріне сот үкімі шықты
Ұрлығы үшін ол 7 жылға сотталған.
Ақтөбеде лудоман бухгалтер жұмыс істеген мектепте 8 жылға жуық уақыт мемлекеттік аудит бірде-бір жоспарлы тексеріс жүргізбеген, деп хабарлады turkystan.kz Диапазон басылымына сілтеме жасап.
№55 мектептің бұрынғы бухгалтері 8 жылға жуық уақыт ішінде 413 миллион теңгены ұрлап, құмар ойынға салып жібергені белгілі болды. Ұрлығы үшін ол 7 жылға сотталған.
Іс резонанс тудырды. Судья Әлиева бюджет қаражатын аса ірі көлемде ұрлауға әкеп соқтырған себептерді анықтады.
2019-2023 жылдар аралығында №55 мектепте бюджет қаражатын мақсатсыз пайдаланғанын мемлекеттік аудит анықтамаған. Сондай-ақ 8 жылға жуық мемлекеттік аудит бұл оқу орнында бірде-бір жоспарлы тексеріс жүргізбеген.
Сот мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін шара қолдануды талап етіп, қаржы министрлігіне жеке қаулы шығарды.