344
Қозғалтқышы істен шыққан Air Astana ұшағы Алматыға шұғыл қонды
Қозғалтқышы істен шыққан Air Astana ұшағы Алматыға шұғыл қонды
Air Astana компаниясының Астана-Алматы бағыты бойынша ұшқан ұшағының сол жақ қозғалтқышы істен шығып, шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы Денис Кривошеев өзінің Facebook парашасында хабарлады.
«Бүгін, 7-шін аурызда, Астана-Алматы бағыты бойынша ұшып бара жатқан Аir Astana КС672 Б752 рейсі апат дабылын қақты. Бұған себеп – сол жақ қозғалтқыштың істен шығуы. Нәтижесінде Боинг 757 регис P4MAS 11.16-да Алматыға қонды. Ұщақ бортында барлығы 72 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі болған. «Бұл соңғы аптада болған екінші оқыс оқиға», - деп жазды Кривошеев. Компания өкілдерінің айтуынша, дәл осы ұшақ қозғалтқышының біреуі бір ай бұрын ғана ауыстырылған. Кривошеев болса осы оқиғаға қатысты тұшақты жан-жақты тексеруден өткізуге шақырды. Айта кетейік, 5 наурызда Алматы-Орал бағытында ұшқан рейс те апатты жағдайда Ақтөбеге қонған болатын.