761
Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешені өртенді
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 13 адам, мен үш техника жұмылдырылды.
Алматының Алатау ауданында салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
Алматы қалалық ТЖД 18 наурыз күні сағат 13:58-де Алатау ауданында, Момышұлы көшесі, Универсиадная көшесінің бұрышында салынып жатқан 5 қабатты тұрғын үйге өрт сөндірушілердің жіберілгенін хабарлады.
«Оқиға орнына жеткен сәтте салынып жатқан бес қабатты тұрғын-үй кешенінің бірінші қабатында пластикалық құбырлардың өртенгені анықталды. Өрттің аумағы — 15 шаршы метр. Өрт сағат 14:08–де сөндірілді. Зардап шеккендер болған жоқ», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 13 адам, мен үш техника жұмылдырылды.