Есік қаласында ер адам көпірден құлап, қайтыс болды

10 метр биіктікте тұрған көпірдің арнайы жақтауы немесе ұстайтын қоршауы жоқ.

Есік қаласында ер адам көпірден құлап, қайтыс болды
Almaty.tv.
1024

Алматы облысы Бөлек ауылында төрт баланың әкесі биіктен құлап, мерт болды. Қайғылы оқиға ел арасында "қыл көпір" атанып кеткен Есік қаласы маңындағы Үлкен Алматы каналын кесіп өту кезінде болды, деп хабарлады Almaty.tv.

10 метр биіктікте тұрған көпірдің арнайы жақтауы немесе ұстайтын қоршауы жоқ. Бұл қауіпті өткелден күніне жүздеген адам өтеді. Ал күні кеше дүкенге шығып, қайта үйіне оралмаған отағасы осы маңнан жұлыны үзіліп, басы жарылған өлі күйінде табылған. Аталған канал маңындағы халық, тағы да «адам шығыны болмасын» деп бүгін әкімдік өкілдеріне талап қойды.

Есі кеткен ел «келесі кім?» деп дабыл қағып отыр. Бұған дейін талай адам суға кетіп, денесін әзер тауыпты. Ал Есік қаласына екі аттам жерде тұрса да, ауыл статусын ала алмай жүрген ел «өркениеттен жұрдаймыз» дейді.

Серіктес жаңалықтары