Қамшыбек Қоңқабаев бастаған боксшылар Бакуде бақ сынайды

Аталған турнир 23 наурыз күні басталады.

Қамшыбек Қоңқабаев бастаған боксшылар Бакуде бақ сынайды
pixabay
1306

Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін бокстан халықаралық турнирге Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары да қатысады.

ҚР Бокс федерациясы мәлім еткендей, аталған турнир 23 наурыз күні басталады. Оннан астам елден 100-ден аса боксшы қатысатын турнирде Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Қазақстан құрамасын Париж Олимпиадасының жолдамасын қазақ боксшыларынан бірінші болып жеңіп алған Қамшыбек Қоңқабаев бастап барады.

Турнирге қатысатын Қазақстан боксшылары:

48 келі: Теміртас Жүсіпов

51 келі: Дамир Әбдіқадыр

54 келі: Тимур Қабешов

60 елі: Талғат Сырымбетов

63,5 келі: Серік Теміржанов

67 келі: Бақтияр Смағұлов

71 келі: Дархан Дүйсебай

75 келі: Тимур Нұрсейітов

86 келі: Бекзат Таңатар

92 келі: Сағындық Тоғамбай

92+ келі: Қамшыбек Қоңқабаев.

Серіктес жаңалықтары