Айнұр Тұрсынбаева басынан өткен қиын сәті туралы айты

Өнер иесі айтыстан шеттетілгенін растап, сахнаға шыға алмай қалғанын айтты.

Айнұр Тұрсынбаева басынан өткен қиын сәті туралы айты
Айнұр Тұрсынбаева. Фото: YouTube/скриншот
1063

 Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өміріндегі қиын кезең туралы «Теңдессіз дұға» подкастында айтып берді.

Өнер иесі айтыстан шеттетілгенін растап, сахнаға шыға алмай қалғанын айтты.

«2016 жылы өмірімде ауыр кезең басталды. 14 жасымнан бері айтысып жүріп, бір-ақ сәтте қатыспай қалдым. Айтыскерге айтысқа қатыса алмаудан өзге қандай ауыр азап бар?! Ағайын-туыс, жолдасым, достарыммен мәселе шиеленісіп кетті. Бір күні айтыс болады дегенді естіп, ұйымдастырушыларға хабарлассам, «сізді қатыстыруға рұқсат жоқ» деді. Айтысты жақсы көргендіктен, «гонарар керек жоқ тегін айтысам» деп те айтып көрдім. Құрбыларым той жасап жатыр. «Қашан барайық десем, «анам сізді шақырма» деп айтып еді деген сыңайда хат жазып жіберетін. Қоғамнан оқшауланып қалғанымды сездім. Адамдарға қарыз болдым. Бір күні авиакассада істейтін таныс жігіт хабарласып тұр. «Әпке, сіздің қарызыңыз 800 мың теңге болып тұр» деп. Шошып кеттім. Қала арасында жүргенде ұшаққа мінемін. Ол жігіт менің жақсы танысым болғасын, бір-екі рет қарызға ұша беріңіз, кейін төлерсіз» деген еді. Менде ол қарызды қайтаратын ақша жоқ. Таныстарымнан қарыз алып, қарыз жаптым. Содан кейін ұшақтың жолын жауып, пойызбен жүруді ойладым. Өмірімдегі тығырыққа тірелген сәт сол болған шығар?!», – деді айтыскер ақын.

Серіктес жаңалықтары