Алматы облысында үш жасар қызды іздеуге тікұшақ тартылды

Іздеу жұмыстары жалғасуда.

Алматы облысында үш жасар қызды іздеуге тікұшақ тартылды
stan.kz
730

Үш жасар қызды іздеуге Қазавиақұтқару тікұшағы тартылды, деп хабарлады turkystan.kz.

17 наурыз сағат 21:44-те Алматы облысының ТЖД-не Еңбекшіқазақ ауданының Безымяное көлі Куш ауылының маңында 2021 жылы туған қыз жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ол 16:30-да ересектердің қарауынсыз қалып, үйден шығып, осы уақытқа дейін оралмаған.

Жедел штаб құрылды. Іздеу жұмыстарына ТЖД, РЖҚЖ, ПД, ҰҰ ә/б, аңшылық шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, еріктілер арасынан 300-ге жуық адам және 80-ге жуық техника, тепловизоры бар 4 пилотсыз ұшу аппараты, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды.

Бірінші күннен бастап құтқарушылар тізіліп қарау әдісімен жер үсті іздестірді. РЖҚЖ құтқарушылары 30 метр қашықтықта орналасқан су айдынына сүңіп іздестіруде, сондай-ақ тартылған күштер мен құралдармен оқиға орнында және су айдынының жағалау сызығы бойынша кинологиялық есептоптарды пайдалана отырып, жер үсті іздестірулері жүргізілуде. Барлық мүмкін жерлер тексерілуде.

Үздіксіз байланысты қамтамасыз ету үшін іздеу жұмыстары орнында ТЖД командалық-штабтық машинасы орналастырылып жұмыс істеуде. Іздеу жұмыстары жалғасуда.

Серіктес жаңалықтары