Бүгін – Ұлттық спорт күні

Ұлттық спорт түрлері еліміздің брендіне айналған. Қазақ халқы ежелден барлық мерекеде жарыс ұйымдастырған.

Бүгін – Ұлттық спорт күні
kazgazeta.kz
985

Бүгін Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес, 20 наурыз ұлттық спорт түрлері ұлықталатын күн.

Ұлттық спорт түрлері еліміздің брендіне айналған. Қазақ халқы ежелден барлық мерекеде жарыс ұйымдастырған. Елімізде бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңгеге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту турнирлері сияқты ұлттық спорт түрлері тез танымал болып, көпшіліктің қызығушылығын оятуда. Осы ойындарды тамашалау арқылы көпшілік халқымыздың салт-дәстүрімен де таныса алады.

Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес, онда көшпелі тұрмыстың рухы бар. Ұлы Далада күш-қайрат, ептілік, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылыс, жақындарына тіреу болу қабілеті өмір сүру мен дамудың кілті саналған.

Серіктес жаңалықтары