Елімізде мереке күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы мереке күндері Қазақстанда ауа райы екі түрлі барикалық формациядан қалыптасады.

Елімізде мереке күндері ауа райы қандай болады?
novoetv.kz
780

«Қазгидромет» РМК 21-23 наурызға арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы мереке күндері Қазақстанда ауа райы екі түрлі барикалық формациядан қалыптасады.

Zakon.kz сайтының дерегінше, елдің батысы мен солтүстігіне антициклон екпіні әсер етеді. Онымен негізінен жаңбырсыз ауа райы күтіледі және түнгі температура -10-18°С дейін төмендейді. Бірақ күндіз күн сәулесі ауаны жылытып, термометр нөлден жоғары болады.

«Ал республиканың орталық, оңтүстік және шығыс облыстары үлкен ылғалдылықпен шығысқа қарай жылжитын циклонның үстемдігінде болады, яғни жаңбыр жауады және жел күшейеді», ­ делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары