Бір орында ұзақ отыру ерте өлім қаупін 57 пайызға арттырады – зерттеу
Сондықтан ұзақ бір орында отыру – спорт көмектесе алмайтын мәселе дейді ғалымдар.
Компьютер алдында күн сайын 11 сағаттан артық отыру ерте өлім қаупін 57 пайызға арттырады. Бұл sciencealert.com жариялаған зерттеу нәтижесінде айтылған.
Ең өкініштісі – тіпті үзіліс жасау немесе жаттығу жасап отыру бұл сын-қатердің алдын алмайды екен. Мұны Сан-Диегодағы Калифорния Университетінің (UCSD) жаңа зерттеуі, содан кейін тағы басқа зерттеулер растады.
Сондықтан ұзақ бір орында отыру – спорт көмектесе алмайтын мәселе дейді ғалымдар.
Зерттеудің басында 63 пен 99 жас аралығындағы 5 856 қатысушыдан жеті күн бойы белсенділік мониторын тағып жүру сұралған. Осылайша, зерттеушілер оларды 10 жыл бойы бақылап отырған, осы уақыт аралығында 1 733 қатысушы қайтыс болыпты.
Зерттеушілер жасанды интеллектті белсенділік мониторынан қатысушылардың қанша уақыт отырғанын анықтау үшін пайдаланды, содан кейін оны өлім қаупімен байланыстырды. Деректер көрсеткендей, күніне 11 сағаттан артық отыратын қатысушылардың қайтыс болу қаупі күніне 9,5 сағаттан аз отыратындарға қарағанда 57 пайызға жоғары болған.