Тимур Турлов Қазақстан құрамасы Грекияны жеңсе, 100 млн теңге сыйақы бермек

Грекия – Қазақстан арасындағы кездесу наурыздың 21-інен 22-іне қараған түні Афинада өтеді.

Тимур Турлов Қазақстан құрамасы Грекияны жеңсе, 100 млн теңге сыйақы бермек
kff.kz
1346

Freedom Broker бас директоры, ҚФФ Атқарушы комитетінің мүшесі Тимур Турлов Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасының плей-офф кезеңінде Грекияны жеңсе, 100 млн теңге сыйақы бермек, деп хабарлайды turkystan.kz YEDILOV ONLINE телеграм-каналына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы осы аптадан бастап Еуропа чемпионатына жолдама үшін таласады. Грекия – Қазақстан арасындағы кездесу наурыздың 21-інен 22-іне қараған түні Афинада өтеді. Бұл ойында жеңіске жеткен команда финалда Грузия мен Люксембург құрамаларының арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. Ал финалда жеңген құрама Еуропа чемпионатына жолдама алады.

Серіктес жаңалықтары