973
Жауын-шашын, көктайғақ: 21 наурызға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет синоптиктерінің болжамына сүйенсек, республика бойынша жауын-шашын болады.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамына сүйенсек, республика бойынша жауын-шашын болады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, түнде оңтүстік-батыста нөсер жаңбыр, еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр, қар жауады.
Республиканың оңтүстігіндегі таулы аймақтарда жаңбыр жауады. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Шығыста және орталықта көктайғақ болады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды.