Ұлыстың ұлы күнінде Таразда ерекше киіз үйлер тігілді

Орталық алаңға қазақы салт-дәстүрге негізделген 15 киіз үй тігілді.

Ұлыстың ұлы күнінде Таразда ерекше киіз үйлер тігілді
24kz
751

Отауларда әдеттегідей дастархан жайылып ас қойылмады. Әр шаңыраққа қазақи атау беріліп, мағынасына қарай заттар мен жәдігерлер қойылды, деп хабарлады turkystan.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Орталық алаңға жиналған жұртқа ат спортының саңлақтары өнерін көрсетті. Қойылымдар мен концерттік бағдарлама да болды. 

Наурыз мерекесін тамашалауға келген көрермен мен қонақтарды ақ әжелер ансамблі шашу шашып, әнмен күтіп алып жатты. Көпшілікке сахнадан театрландырылған композиция ұсынылып, дәстүрлі ән мен биден шашу шашылды.  

Мерекелік бағдарлама ұлттық спорт түрлерімен жалғасын тапты. Ол үшін орталық алаңға арайы құм төселген. Арғымақ мінгендер теңге ілу, жамбы ату сынды ұлттық спорт түрлерінен өнер көрсетуде. Сонымен қатар қыран баптағандар орталық алаңда сұңқарлармен өздерінің өнері көрсетті. Орталық алаңға қазақы салт-дәстүрге негізделген 15 киіз үй тігілді. Ерекшелігі - олар атауына қарай әрленген. Мәселен «Қыздың жолы» деп аталатын ақ отауда, қаракөздерге арналған әшекейлер мен киімдер, және қыз жасауы қойылған. Ал «Батырлар жолы» аталған киіз үйде Абылай хан тұсындағы тарихи кезеңді қойылым мен жәдігерлер арқылы көрсеткен. 

Әрине ол батырлар жолының бәрін бір киіз үйдің ішіне көрсету қиын болды. Тарихи кезеңді алдық 18-ғасырды. Егер бүгінгі жастарымыз өзінің тарихын білмесе олар бүгінгі күннің мән-жайын түсінбейді, оның келешегі бар ма жоқ па екіталай деп. Сол үшін биылғы наурыз мерекесі меніңше оның бір әсіресе жұртшылық үшін бірінші кезекте жастар үшін үлкен тәрбиелік дамытушылық мәні бар дейміз.  Негізінде «Он екі мүше» киіз үйінің басты мақсаты келген қонақтарымызға, шет елдік қонақтар келіп қалуы мүмкін. Соларға біз қазақ жалпы қонағын қалай қарсы алатынын көрсетеміз. Мысалы қарап отырсаңыз мынау қойдың басы. Қойдың басынының қасында бір-ақ сирақ. Бұл өзінше бір әдеп, екі сирақты бірден әкелмейді,- деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Махмедғали Сарыбеков.

 

Мерекелік алаңда алып батырлар мен құмай тазысын ертіп, бүркітін баптаған бозбала-қыздар көптің көңілін көтерді. Ал, тамақтану алаңдарында құрт, май, айраны мен ірімшігі сынды тек ұлттық тағамдар саудаланды.  

Мерекеде ұлттық спорт түрлерінен садақ ату, арқан тарту, асық ату, қол күрес пен тоғызқұмалақтан тұрғындар арасында жарыстар  ұйымдастырылды. Жиылған жұрт алаңға қойылған алтыбақанды тебуге мүмкідік алды.

Серіктес жаңалықтары