Айсәуле Бақытбек басынан өткен ауыр кезеңді еске алды

Желі жұлдызы бір кездері қаржы тапшылығынан микрокредиттік ұйымдардан ақша алып, қарызға батқанын мәлім етті.

Айсәуле Бақытбек басынан өткен ауыр кезеңді еске алды
Айсәуле Бақытбек. Фото:
1113

Баян Алагөзованың үлкен қызы, танымал блогер Айсәуле Бақытбек өміріндегі ауыр кезеңді еске алып, қарызға кіріп кеткен сәттері жайлы айтты.

Айсәуле Бақытбек Instagram парақшасында оқырмандарымен тілдесіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Желі қолданушыларының бірі блогер арудан ақшасыз қалған кезі жайлы сұрады.

Оның сөзінше, ол көп адамға қарыз болған.

«Қазір мен 27 жастамын. Ата-анамнан 10 жыл бойы ақша сұраған емеспін. Барымды салып жұмыс істеп жатырмын. Шамамен 40 шақты адамға жалақы төлеймін.

Әрине басымнан қиын кезеңдер де өтті. Мүлдем ақшасыз қалып, қарызға белшесінен батып, бес несие алғанмын. Тіпті микрокредиттік ұйымдардан 10 мың теңге алған кезім де болды. Бірақ барлығы уақытша екеніне көзім жетті. Жалпы менің қаржылық жағдайымның жақсы не жаман болғанын менің парақшамнан-ақ білуге болатын сияқты. Алайда не болса да ата-анама жағдайым жақсы деп жүре беретінмін», - деп жазды Айсәуле.

Серіктес жаңалықтары