Тым көп жиналыс өткізу жұмыс процесіне кері әсер етеді – зерттеу

Сауалнамаға қатысқан адамдардың 51%-ы жиналыстың шамадан тыс көп болуына байланысты аптасына бірнеше сағат артық жұмыс істеуге мәжбүр болатындарын жеткізген.

Тым көп жиналыс өткізу жұмыс процесіне кері әсер етеді – зерттеу
Сурет: PeopleImages/E+
1094

Кездесулер мен бастықтың шақыруы жұмысқа кедергі келтіреді. Atlassian зерттеуіне сүйенсек, қызметкерлердің 78%-ы жиі жиналыс өткізу жұмыс процесін қиындататынын айтқан.

Жиналыс қосымша жұмыс істеуге мәжбүр етеді және қызметкерлерді шаршатады. Сауалнамаға қатысқан адамдардың 78%-ы осындай пікір айтқан. Олардың сөзінше, бірнеше сағатқа созылған жиналыста айтылған дүниелерді бір қысқаша хатқа сыйдыруға әбден болады.

Сауалнамаға қатысқан адамдардың 51%-ы жиналыстың шамадан тыс көп болуына байланысты аптасына бірнеше сағат артық жұмыс істеуге мәжбүр болатындарын жеткізген.

Серіктес жаңалықтары