Француздар Олимпиада концертінің идеясын сынға алды

Ая Накамураның Олимпиаданың ашылу салтанатында ән айтатыны әлі мақұлданбаған, бірақ Франция президенті Эммануэль Макронның оны іс-шараның өту барысын талқылауға шақырғаны туралы ақпарат елде наразылық толқынын тудырды.

Француздар Олимпиада концертінің идеясын сынға алды
Ая Накамура. Сурет: aboutan.ru
1080

Француздардың кейбір қоғам қайраткерлері Олимпиада концертінің идеясын сынға алды. Мәселен, ұлттық бірлестік жетекшілерінің бірі Марин Ле Пен Малидің тумасы Ая Накамураның 2024 жылғы Олимпиада ойындарында Эдит Пиафтың әндерін орындауды таңдауы "француздарды қорлауға" тең деп санайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Euronews.com жазды. 

Басқа сыншылар да Накамураны француз емес деп сынаған.

Ая Накамураның Олимпиаданың ашылу салтанатында ән айтатыны әлі мақұлданбаған, бірақ Франция президенті Эммануэль Макронның оны іс-шараның өту барысын талқылауға шақырғаны туралы ақпарат елде наразылық толқынын тудырды.

Накамура – әлем бойынша тыңдарманы көп саналатын франциялық әншісі және 2023 жылы елде альбомы ең көп сатылған 20 әншінің бірі.

Серіктес жаңалықтары