864
Павлодарда су қоймасынан екі балықшы өлі табылды
Көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кеткен
Павлодар облысында су қоймасынан екі балықшы өлі табылды, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
22 наурызда сағат 20:33-те Екібастұз қаласының ГРЭС-2 ауданында, "Шандықсор" жасанды су айдынында 1978 және 1976 жылы туған ер адамдар жеке көліктерімен мұз астына түсіп кеткені туралы хабар түскен.
Ер адамдар балық аулауға Павлодардан келгендері анықталды. Көлік жағадан 700-800 метр қашықтықта батып кеткен.
23 наурызда сағат 07:20-да Екібастұз қаласының құтқарушылары іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. 7 адам, 2 техника және 1 жүзу құралы жұмылдырылды.
Құтқарушылардың күшімен балықшылардың денелері су қоймасынан алынды.
Павлодар облысының ТЖД мұздың қазір өте жұқа екенін және оған шығу қауіпті екенін ескертеді.