912
24 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Ел бойынша тұман күтіледі, солтүстікте, оңтүстік-шығыста жел 15-20 м/с дейін күшейеді
Қазгидромет 24 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп жазады turkystan.kz.
Бұрынғыдай атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, тек елдің батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Ел бойынша тұман күтіледі, солтүстікте, оңтүстік-шығыста жел 15-20 м/с дейін күшейеді.