3793
Алдағы 7 күнде ауа райы қандай болады?
Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы жылынады деп күтіледі
«Қазгидромет» алдағы 7 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.
2024 жылғы 23-29 наурыз аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жаңбыр, тұман, желдің күшеюі болжанып отыр.
26 наурызда Қазақстанның батысында (Батыс Қазақстан, Атырау), 26-27 наурызда солтүстік-батыста (Ақтөбе, Қостанай), 23, 26-28 наурызда республиканың оңтүстігінде (Түркістан облысы), 28-29 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында (Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстары) қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.
Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы жылынады деп күтіледі.