Мәскеуде болған терактіде 15 жастағы қырғызстандық жүз адамды құтқарған

Бала орталықтың гардеробында толық емес жұмыс істеген

Мәскеуде болған терактіде 15 жастағы қырғызстандық жүз адамды құтқарған
Mash
1951

Ресейлік Telegram арналар Мәскеу түбіндегі Crocus City Hall концерт залында болған теракт кезінде 15 жастағы қырғызстандық Ислам атты бозбаланың ерлігін жазып жатыр, деп жазады turkystan.kz.

Ulysmedia.kz сайтының мәліметінше, бала орталықтың гардеробында толық емес жұмыс істеген. Теракт кезінде ол жүзге жуық адамды ғимараттан алып шыққан.

Адамдар жиналып қалды. Мен оларды, әрине, түсінемін. Мен де дереу қашып кеткім келді, бірақ мен нұсқау бойынша бәрін жасадым: адамдарды дереу шығарып, соңында өзім шықтым. Мен адамдарды шығарып, менен кейін ешкім қалмағанына көз жеткізу үші олардың артынан жүрдім, - деді ол БАҚ өкілдеріне.

Ислам сияқты барлық әкімшілерге төтенше жағдай кезінде нұсқау берілген және ол барлығын нұсқау бойынша жасаған.

Лаңкестік әрекет пен оның салдарынан болған өрт кезінде Ислам халыққа бағыт-бағдар берген. Көпшіліктің дәретхана жақтағы тұйыққа тірелгенін байқаған жасөспірім эвакуацияны жүргізе бастаған. Ол адамдарды тар өткелден Экспо аумағына, одан әрі кеңсе ғимараты арқылы көшеге – қауіпсіз жерге апара алды.

Серіктес жаңалықтары