1094
Алматыдан 280 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде Қытайда орналасқан
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 24 наурыз күні сағат 11:15-те жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде Қытайда орналасқан - афтершок.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9.7. MPV магнитудасы — 4.3. Тереңдігі — 10 км.