Аида Кауменова ел білмейтін сырын бөлісті

Ол бойында үш ұлттың қаны бар екенін мәлім етті.

Аида Кауменова ел білмейтін сырын бөлісті
Аида Кауменова: YouTube/HEAVEN21
689

Танымал дизайнер Аида Кауменова шыққан әулеті туралы «Жұлдызды шаңырақ» бағдарламасында айтып берді. 

Сән әлемінің жұлдызы әңгімесін ата-анасынан бастады. 

«Жақында ата-анам Алматыға келіп кетті. Қазір олар Сарқан қаласында тұрып жатыр. Әкем Жетісу өңірінің жігіті. Биыл біздің отбасы үшін жақсы жыл болды. Інім үлкен үй салып, жаңа үйге қоныс аударды. 5 баланың әкесі. Бала күнімізде інім екеуіміз не ішеміз, не киеміз деп уайымдамай өскенбіз. Әкем мамандығы бойынша экономист. Өте мықты адам, менің мінезім әкеме ұқсаған. Әкем мен анам Алматыда кинотехникумда бірге оқыған, алғашында дос болып араласып жүрген. Бір күні әкем анама "Лариса, сені анаммен таныстыру үшін ауылға апарғым келіп отыр" деп айтқан, анам ол кезде қазақтың ешқандай салт-дәстүрін білмегендіктен, келісіп, ауылға барыпты. Содан ауылдағы үйге кіргеннен туыстар шашу шашып, ақ орамал жапқан. Анам көніп, қалыпты. Анам ұлты басқа болғанымен, қазақ тілінде бізден жақсы сөйлейді. Басқа ұлт өкілі болса да, тастай батып, судай сіңді», – деп күлді дизайнер. 

Сонымен қатар, сәнгер ата-әжелері туралы да айтып берді. 

«Кішкентай кезімде бір апам орыс, екіншісі қазақ болатын. Орыс апамның қолына барсам, орысша сөйлеп кететінмін, кейін қазақ апама келсем, үндемей отыратын едім. Өйткені, қай тілде сөйлейтінімді білмейтінмін. Содан олар "мына қызды енді ешқайда жібермеу керек, үндемей қалыпты" деп әзілдейтін. Негізі бойымда үш ұлттың қаны бар, яғни беларусь, татар, қазақ», – деді дизайнер. 

Серіктес жаңалықтары