787
26 наурызға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 26 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің болжамынша, республикамыздың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Атмосферада фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Атап айтқанда, күн райы жауын-шашынды (негізінен жаңбыр түрінде) болады деп күтіледі. Батыс өңірде қатты жаңбыр жауады, тек еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. ҚР бойынша тұман болады, соққан желдің екпіні 15-25 м/с дейін жетеді, еліміздің оңтүстігінде қатты жел тұрып, найзағай ойнайды, ал солтүстік-батыста, шығыста көктайғақ болады деп болжанады", - делінген хабарламада.