1077
Ақын Құрманай Бақтиярдың денсаулығы тағы да сыр берді
Ол өзіне жетінші рет ота жасалғанын мәлім етті.
Танымал сазгер, композитор Құрманай Бақтиярқызының денсаулығы сыр беріп, ота жасалды.
Соңғы кезде өнер иесі жиі отаға түсіп жүргенін жасырмады.
«Алланың Құдіретінің шексіздігіне айқын көз жеткізген сынақ болды. 99/1 пайыз соңғы үмітпен жетінші рет ота жасалды. Төрт күн өту керек, сол уақыттан өтсек бәрі артта қалады деген еді дәрігер. Оны естіген достарым барлығына дайын болды. Мынау жарық дүниені менсіз елестете алмайтын жан досымның сағынып көріскен, қуанышы», – деп жазды сазгер.
Одан кейін сазгер оқырмандарымен сырласа келе, отаның көп жасалуы дәрігер қателегі екенін де айтып өтті.
«Дәрігер қателігі болса да, мен Алланың берген сынағы деп білемін. Қай дәрігер жаман ойлайды. Дәрігерімнің өзі «в шоке» болды», - деп жазды композитор.