Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шығып, бір адам көз жұмды
Өрт сағат 18:19-да жойылды.
Қарағандыда көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 24 наурызда болған.
«Сағат 17:48-де ТЖД кезекшісінің пультіне 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар бригадасы өрт орнына келіп, бес азаматты, оның ішінде екі баланы құтқарды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер тағы бес адамды эвакуациялады. Өрт орнында 1953 жылы туған ер адамның денесі табылды», - делінген хабарламада.
Жергілікті жерде өртті сөндіруге жеке құрамның 30 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 18:19-да жойылды.
Өрттің алдын ала нұсқасы-электр сымдарының қысқа тұйықталуы.
«ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Қарағандыда өрт кезінде бес адам құтқарылды», - делінген хабарламада.