Балтимордағы көпір қирап, 6 адам жоғалып кетті

АҚШ президенті Джо Байденнің айтуынша, контейнер кеменің көпірге соқтығысуы оқыс оқиға деп мәлімдеді.

Балтимордағы көпір қирап, 6 адам жоғалып кетті
сурет: euronews.com
941

Ұзындығы 2,5 км болатын автомобиль көпіріне (Key Bridge) жүк кемесі соғылып, көпір қирады, 6 адам із-түссіз жоғалып кетті, деп жазды ВВС.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, апат салдарынан Патапско өзенінің көпірінен бірнеше көлік, соның ішінде тіркемесі бар жүк көлігі құлаған.

АҚШ-тың Федералды киберқауіпсіздік және инфрақұрылымды қорғау агенттігі (CISA) жүк кемесі көпірге соқтығысқанға дейін "бағытынан жаңылды" деп хабарлады.

Алты адам хабар-ошарсыз кетті. Сейсенбі күні кешке АҚШ Жағалау күзеті су мен ауаның температурасына байланысты іздеу жұмыстары тоқтатылатынын хабарлады.

Апаттан кейін бірден екі адам судан шығарылды. Олардың бірі медициналық көмектен бас тартты, - деп хабарлады Балтимор өрт сөндіру бөлімінің бастығы Джеймс Уоллес. Екіншісінің жағдайы ауыр, ол ауруханаға жеткізілді.

АҚШ президенті Джо Байденнің айтуынша, контейнер кеменің көпірге соқтығысуы оқыс оқиға деп мәлімдеді.

"Бұл қасақана әрекет деп айтуға негіз жоқ. Барлық дәлел бұл жан түршігерлік апат екенін дәлелдейді", - деді ол.

Серіктес жаңалықтары