Мен ұлттық құрама жейдесін кім болсын, соған тарата бермеймін – Магомед Әдиев

Олардың сай келмейтінін білмейсіздер. Олар тіпті клуб сапында да ойнамайды.

Мен ұлттық құрама жейдесін кім болсын, соған тарата бермеймін – Магомед Әдиев
ҚФФ
1248

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Әдиев ұлттық құрама сапына шабуылдаушы Артур Шушеначев пен жартылай қорғаушы Георгий Жуковтың шақыруға қатысты өз ойын ортаға салды, деп хабарлайды turkystan.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап.

«Құрамада өнер көрсетуге лайық ойыншы командаға шақырылады. Сіздер үнемі жаңа есімдерді естіп жүрсіздер, біз ойыншылар қосып отырамыз. Біреуге тоқталып қалмаймыз. Бәрі қабілетті. Алайда сіздер кейде кейбір есімдерді атайсыздар. Олардың сай келмейтінін білмейсіздер. Олар тіпті клуб сапында да ойнамайды. Әркез ойлағаны бола бермейді. Және сіздер оның ұлттық құрама жейдесін киіп, бағасы жағынан он есе асып түсетін мықты қарсыластармен иық тірескенін қалайсыздар. Мен ұлттық құрама жейдесін кім болсын, соған тарата бермеймін. Бұл қызметте жүргенімше бұл айтқанымнан қайтпаймын. Ол жейдені мінез-құлығы мен кәсіби біліктілігі лайық саналатын ойыншылар киеді – басқа жол жоқ», – дейді бас бапкер.

Серіктес жаңалықтары