741
Астанада көпірден секірмек болған әйел құтқарылды
Оқиға Сарайшық көшесінің бойында болған.
Астанада полиция қызметкері көпірден секірмек болған әйелді құтқарып үлгерді, деп хабарлады turkystan.kz.
Патрульдік полиция полкінің инспекторы Евгений Казаков Есіл өзеніне секірмек болған 42 жастағы әйелді құтқарып қалды.
Polisia.kz сайтының мәліметінше, бұл оқиға 23 наурыз күні Сарайшық көшесінің бойында болған.
«Полиция қызметкері патрульдеу кезінде көпірдің шетінде тұрған әйелді байқаған. Лейтенант Казаков дереу көпірге шығып, өз өмірін үзе жаздаған нәзік жанды аман алып қалды. Жақын маңдағы сақшылар да көмекке келіп, келіншекті қауіпсіз жерге шығарған», – делінген хабарламада.
Жедел жәрдем жеткенше полиция қызметкерлері тарапынан алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.