Елімізде жыл басынан бері 200-ден астам жылқыны пойыз қағып кеткен

Еліміздің темір жолдарында 369 үй жануарларын басып кету фактісі тіркелді.

Елімізде жыл басынан бері 200-ден астам жылқыны пойыз қағып кеткен
polisia.kz
607

Қазақстанда жыл басынан бері 200-ден астам жылқы пойыз астына түскен, деп хабарлады turkystan.kz.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуінің 464 фактісі тіркелді. Еліміздің темір жолдарында 369 үй жануарларын басып кету фактісі тіркелді. Оның ішінде 222 бас жылқы, 44 бас ірі қара, 76 ұсақ мал бар.

Мәселен, Павлодар облысы Жұмыскер – Көктөбе станцияларының аралығында жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылардың болуына байланысты пойызды шұғыл тежеген.

«Соқтығысу нәтижесінде 4 жылқыны қағып кетті. Осының салдарынан пойыз 29 минутқа кідіріп қалды. Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері мал иесін анықтады. Ол 45 жастағы облыс тұрғыны болып шықты. Үй жануарларының иесі темiржолдың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Көлік полицейлері шаруа қожалықтарының иелеріне қауіпсіздік шараларын сақтауды және теміржол маңында мал жаюға болмайтындығын ескертеді.
 

Серіктес жаңалықтары