Төреғали Төреәлі келіншегіне берген уәдесін орындады

Оның сөзінше, отбасын құрар кезінде ол келіншегіне көлігін үйінде тастап кетуін өтінген.

Төреғали Төреәлі келіншегіне берген уәдесін орындады
instagram
1016

Танымал әнші Төреғали Төреәлі келіншегімен қыз бен жігіт болып жүрген кезін еске алып, ел білмейтін жайтты айтып берді.

Өнер иесі үйленер алдында сүйіктісіне қандай уәде бергенін Instagram желісінде айтты. Оның сөзінше, отбасын құрар кезінде ол келіншегіне көлігін үйінде тастап кетуін өтінген. Әнші болашақта оған дәл сол маркалы көлікті өзі алып беретінін айтқан.

«Қазір мен көлік жүргізе алмаймын. Жақында Толқынға Lexus RX300 атты көлік алған болатынбыз. Бір қызығы, осыдан 10 жыл бұрын қыз бен жігіт болып жүрген кезде Толқынның Lexus RX300 көлігі болатын. Сөйтіп маған тұрмысқа шығатын болып, «көлігімді не істеймін? алып келейін» деді. Сол кезде мен «көлігіңді тастап кет, кейін мен өзім саған басқасын алып беремін» деп уәде еткем. Бірақ жылдар өтіп ырымдап тура сондай көлікті алып бердім», - деді әнші.

 

Серіктес жаңалықтары