Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі ауысты

Алматы облысы әкімінің өкімімен Талғат Ескендірұлы Байеділов тағайындалды.

Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі ауысты
Алматы облысының әкімдігі
1071

ҚР Президенті Әкімшілігінің және Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі бойынша Алматы облысы әкімінің өкімімен Талғат Ескендірұлы Байеділов Еңбекшіқазақ ауданының әкімі болып тағайындалды.

Талғат Байеділов 1972 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылында «Тоғызбұлақ» колхозында бастаған.

Әр жылдары «Қазақстан Темір жолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының «Алматы» қаржы-экономикалық орталығының есепшісі, салық есебі және бақылау бөлімінің экономисі, «Казпочта» Акционерлік Қоғамының Іле аудандық пошта байланысы торабының бастығы, Райымбек ауданы Қарабұлақ селолық округінің әкімі, Райымбек ауданы әкімі аппаратының басшысы, Райымбек ауданы әкімінің орынбасары, Кеген ауданының әкімі лауазымдарын атқарған.

2023 жылдың наурыз айынан Алматы облыстық маслихатының төрағасы болды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Серіктес жаңалықтары