5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскерлер Түркиядан қайтарылды

Екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды

5 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскерлер Түркиядан қайтарылды
Бас прокуратура
2003

Алматы қаласының прокурорлары іздеуде жүрген екі қылмыскерді Түркиядан қайтарып алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Алматы прокуратурасы заңнаманы түсіндіру арқылы ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген Қазақстан Республикасының екі азаматын өз еркімен қайтарған.

«Қашқындар Түркия Республикасының аумағында 5 жылдан астам тергеу органдарынан жасырынған. 28 наурызда қала әуежайында оларға қатысты процестік ұстау жүргізілді, екі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары