Өзекті тақырып, өрелі еңбек

Кітаптағы беташар мақалада ав­тор шығыстану ғылымы­ның пай­да болу тарихы туралы қыс­­­қаша шо­лу жасаған. Яғни, шы­ғыс­тану ғы­лымын батыс ғалымдары 1312 жыл­ғы Вьенде болған шіркеу­лік кеңес­тен таратқанын, осы істің нә­ти­жесінде араб, грек және иврит тіл­дерін зерттейтін кафедралар Па­­риж, Оксфорд, Болонья, Авиньон, Са­ламанкада ашылуы шығыстану ғы­лымының бастау алар үлкен бір бас­палдағы болғанын тілге тиек ет­еді.

Өзекті тақырып, өрелі еңбек
сурет: turkystan.kz
1610

Жақында ғана Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, филология ғылымдарынвың докторы, профессор Дүкен Мәсімханұлының «Шығыс әлемі: Аңыз бен шындық» атты кітабы қолымызға тиді. Ең әуелі кітаптың аты бірден өзіне баурады. Өйткені Шығыс әлемі ашылмаған сыры мен қыры көп ежелгі өркениеттердің ошағы, мәдениеттердің мәйегі тараған, байырғы адамдардың ізі қалған мекен. Осы тұрғыдан алғанда, бұл еңбектің айтары көп, астары терең, ғылыми мәні жоғары, отандық шығыстану ғылымының өзекті мәселелері туралы түрен салған құнды еңбек екенін топшыладық. Әсіресе, түркітану мен қытайтану бойынша жүйелі ғылыми зерттеулер топтастырлыған. Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Дүкен Мәсімханұлының соңғы жылдар беделінде жазылған ғылыми сараптамалық зерттеу еңбектері, екінші бөлімде қытайтануды негіз еткен сұхбаттары топтастырылған. 

Кітаптағы беташар мақалада ав­тор шығыстану ғылымы­ның пай­да болу тарихы туралы қыс­­­қаша шо­лу жасаған. Яғни, шы­ғыс­тану ғы­лымын батыс ғалымдары 1312 жыл­ғы Вьенде болған шіркеу­лік кеңес­тен таратқанын, осы істің нә­ти­жесінде араб, грек және иврит тіл­дерін зерттейтін кафедралар Па­­риж, Оксфорд, Болонья, Авиньон, Са­ламанкада ашылуы шығыстану ғы­лымының бастау алар үлкен бір бас­палдағы болғанын тілге тиек ет­еді. 
Автор аталған еңбегінде шығыс­тану ғылымы ғылым ретінде қазақ же­рінде Шоқан Уәлихановтан бас­тау алатынын да дәйектеп береді. Ал қазақ халқы «Шығыстану» ғылы­мы­мен пән ретінде КСРО заманында та­нысқаны, одан кейін тәуел­сіз­дік­тен бергі жылдары Шығыстану инс­­­титутының құрылуы және шығыс­тану ғылымының өркендеу қада­мы­на аяқ басқаны баяндалады. 
Аталған кітаптағы «Ежелгі түркі өр­кениетінің дәстүрлі қытай мәде­ние­тіне ықпалы» дейтін көлемді ғы­лыми зерттеудің тағлымы терең, де­регі мол, айтары өзекті. Автор атал­ған зерттеуінде ежелгі түркі-қы­­тай халықтары арасындағы мә­дени-рухани байланыстарды тіз­бек­тей отырып, үйсін-ғұн дәуірінен бастап Қазақ хандығына дейінгі ке­зеңдердегі қытай елімен болған ба­рыс-келіске талдау жасайды. Түр­кі­лердің ән-би, музыка өнерінің қы­тайларға жасаған ықпалы және Оңтүстік-Шығыс Қытай диалек­ті­сін­де сөйлейтін қытайлардың тіл­де­рімен қазақ немесе басқа түркі тіл­дерінің ұқсас немесе түбірі ұқсас сөз­дерін салыстыра отырып зер­де­лейді. 
Келесі тағы бір маңызды зерт­­теу «Қытайдағы Қазақ­стан­тану ғы­лымының даму бета­лы­сы» деп аталады. Автор бұл еңбекте Қы­тайда Қазақ халқы туралы, Қа­зақ­стан жайлы зерттеулер тым ерте за­­­­мандарда басталғанын айта келіп, қа­зақтанушы қытай ғалымдарының құн­ды еңбектері жайлы құнды де­рек­тер береді.
 Келесі тағы бір ғылыми сарап­та­ма «Әлемдік геосаясат және Ор­та­лық Азия аймағындағы жаңа жағ­дай: Бетбұрыстар мен тенден­ция­лар» деп аталады. Қазіргі аса күр­делі халықаралық жағдайлар Ор­талық Азияның қауіпсіздігіне қа­тер төндіріп тұрғаны жасырын емес. От қай жерден шықса, оны өші­руге немесе қайтадан көсеуге жүгіретін азулы елдер көп. Орталық Азия ядролық қарусыз аймақ са­нал­ғанымен, төңірегін ядролық дер­жа­в­алар қоршап жатқан аса күрделі өңір. Бұл аймаққа бұрыннан-ақ көз сал­ған көршілер де, дәмелі держа­ва­лар да аз болған жоқ. Автор бұл рет­те Орталық Азияның өткені мен кет­кені, бүгіні мен ертеңіне үңіліп, АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия, Үнді­стан қатарлы алпауыт елдердің Орталық Азиямен болған қарым-қа­тынасына талдау жасап, олардың Ор­талық Азияға қатысты стра­те­гия­сындағы жаңа бетбұрыстар Ор­та­лық Азияның әр қадамына ық­пал етіп, тұрақтылығына әсер ете­тінін жан-жақты сараптайды. 
Кітаптағы тағы бір маңызды зерт­теу «Ұлы Жібек жолы және Қы­тай мәдениеті» деп аталады. Ғалым бұл зерттеу еңбегін екі бөлікке бө­ліп қарастырған. «1. Жібек жолы ке­зеңіндегі Қытай әдебиеті». «2. Жі­бек жолы кезеңіндегі Қытай өне­рі». Автор қытай әдебиеті мен өне­рі­нің «Ұлы жібек жолы» кезеңіндегі даму жолдарына, ерекшелігіне айы­рықша жінтіктей тоқталған. Ав­тор «Жібек жолы» кезеңінің поэ­зиясы қытай әдебиетінің ең жо­ғар­ғы жетістігі болғанын, оған көбірек Ор­талық Азия халықтарының әде­­­­биеті мен мәдениеті, өнерінің игі ықпал еткенімен ойын түйін­дей­ді. Ал Жібек жолы кезеңіндегі Қы­тай өнері туралы тоқталғанда, оны бір­неше түрге бөліп қарас­ты­ра­ды. 
Қысқасы профессор Д.Мәсім­ха­н­ұлының аталған зерттеу еңбегі Қы­тайдың әдебиеті мен өнерінің бас­талу, жаңғыру, даму кезеңі және оған «Ұлы Жібек жолы» бойындағы ел­дердің өнері мен мәдениетінің ық­палы жан-жақты қарастырылған әрі тың, әрі өте маңызды зерттеу. 
Кітаптағы келесі бір өте қы­зық­ты да маңызды еңбек «Алаш азат­тық идеясының Шығыс Түркістанға таралуы» деп аталады. Автор бұл жө­нінде тарихты байыппен бағам­дап, байсалды түрде баяндайды. Алаш азаттық идеясының Шығыс түр­кістанға таралуын бірнеше ар­на­ларға бөліп қарастырған. Бірінші ар­на: Ұлт-азаттығын, ұлттық ағар­тушылықты көздеген баспасөздің Шы­ғыс Түркістан қазақтарына та­ралуы. 
Екінші арна: Алаш идеясымен қару­ланған, «ұлт-азаттық ұранды» ту еткен Алаш қайраткерлерінің Шығыс Түркістанға көптеп баруы. 
Үшінші арна: шығыстүркі­стан­дық ақын-жазушылардың, зиялы қауым өкілдерінің іргелі Қазақ елі­не келіп-кетіп тұруы. Осылайша, ав­тор Шығыс Түркістанға Алаш аза­т­­тық идеясының таралу жол­да­рын жан-жақтылы баяндайды. 
Келесі зерттеу «Қазақ­стан­да­ғы қы­тайтану ғылым: бүгіні мен бола­шағы» деп аталады. Автор бұл еңбегінде Қазақстандағы қы­тай­тану ғылымының басында тұр­ған Шоқан Уәлихановтың еңбегі мен рөлін айрықша атап өткен. Одан кейін қытайтану ғылымының қалыптасу жолдарын, осы салада ұшан-теңіз еңбек еткен ғалымдарды және олардың еңбектеріне қысқаша талдау жасайды. Сонымен бірге қытайтану ғылымының мақсаты мен жетістіктерін бірнеше бағытқа бөліп қарастырады. 
Бұл кітаптағы тағы бір құнды еңбек «Қытайдағы түркология: көне түркі жазба жәдігерлерінің зерт­телуі және көрнекті зерттеушілер» деп ата­лады. Автордың бұл зерт­теуін­­де Қытайдағы түркітану ғы­лы­мының мол жетістіктерін сараптап, түркі тарихы мен мәдениеті туралы бұған дейін отандық ғылымда беймәлім құнды мәліметтер беріледі. 
Келесі зерттеу «М.Әуезов және Лу Шүн: Ұлттық дәстүр және жаңа­шыл­дық» деп аталады. Бұл еңбектің кіріспесінде автор ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қа­зақ халқы мен қытай халқының сырт­қы отарлаушы күштердің езгі­сіне түскенін, табанына таптал­ға­нын, феодалдық зорлық-зомбы­лық­тың құлақ кесті құлына айнал­ға­нын баяндай келіп, осы тұста қос ха­лықтан шыққан ұлт жана­шыр­лары ұлт-азаттық бағытында қа­нын, жанын, барын салып күрес­ке­нін баяндай келіп, қазақ ойшылы М.Әуезов пен қытай ойшылы Лу Шүн­нің ХХ ғасыр басындағы ұлтты ояту мен ағартушылық бағыттағы жанкешті еңбектері мен жаңа әде­биетті қалыптастырудағы биік па­ра­саттарын салыстырады. 
Қытайтану ғылымы үшін «Қы­тай­дың төлтума діні – Дао және оның ұлт мәдениетіндегі алатын ор­ны» деген зерттеудің мәні мен маңы­зы айрықша. Автор бұл зерт­теуінде алдымен Дао діні не деген сұраққа жауап іздейді. Даошыл даналар ештеңені дәлелдемейді де, уағыздамайды. Олар қандай да бір өмір салтын ұстануды да үйрет­пей­ді. Олардың мақсаты дұрыс өмірлік ба­ғыт беру, олар мәңгі жоқ және бар­­лық жерде бар өмірлік тәжіри­бе­нің түйініне қарай жол сілтейді, – деп, түсінік береді. 
Кітаптағы «Қытай елінің бі­лім беру жүйесі» деп атала­тын зерт­теу­дің мәні тіптене айрық­ша. Қытай елі­нің қысқа ғана қырық жылда әлем­дегі дамыған елдердің бәрін ба­сып озып, жер шарындағы екін­ші ұлы державаға айналып шыға келуі­нің сыры неде?! Әрине, оның сыры ғылым-білімде. Білім – адамдардың дүниеге көзқарасын жетілдіріп, сана-сезім танымын те­реңдетіп, ойлау қабілетін артты­рып, мәде­ние­тін дамытатын алғы шарт. Ав­тор Қытайдың оқу-ағарту сала­сы­ның әр жылдық өзгерісін сан­дық мә­ліметтермен дәйектеп көр­сетеді. 
Қысқасы, әйгілі қытайтанушы-ға­лым, профессор Д. Мәсімханұлы­ның сөз болып отырған кезекті жаңа еңбегіндегі «Қытайдың діни на­ным-сенім жүйесі», «Қытайдағы ха­лықтар құрамы», «Қытайдың сәу­лет өнері», «Қытайдың ұлттық спорт ойындары», «Қытайдың дәс­түр­лі музыка және би өнері», «Дәс­түрлі қытай шипагерлігі», «Қазақ-қы­тай елдері мәдени-рухани қа­рым-қатынасының бастау көздері» қа­тарлы зерттеулердің де отандық шы­ғыстану, оның ішінде қытайтану ғы­лымы үшін мәні мен маңызы ай­рықша. Зерттеулердің деректері мол, ой-пікірлері тың. 
Кітаптың екінші бөлімі сүбелі сұх­баттармен толықтырылған. Ға­лымның еліміздегі жетекші БАҚ жур­налистеріне берген сұхбат­та­рында Шығыстану институтының бағыты мен бағдары, атқарған ең­бек­тері, жетістіктері туралы, қы­тай­тану ғылымының – отандық шы­ғыс­тану ғылымының өзекті де маңыз­ды саласы екенін жан-жақты фак­торлармен түсіндіреді. Автор­дың сөз болып отырған жинаққа енгізілген сұхбаттарының өзі өте құн­ды ғылыми еңбектердей әсер ете­ді. Онда Қазақстан мен Қытай­дың саяси, мәдени-рухани, сауда-эко­номикалық қарым-қатынас­та­ры­на талдау жасай отырып, Қы­тай­дың Қазақстан және Орталық Азия ел­­дерімен жасасқан әрбір сел­бес­ті­гін назардан тыс қалдырмайды. Қыс­қасы, еліміздің қауіпсіздігі мен тәуел­сіздігіміздің тағдыры үшін про­фессор Дүкен Мәсімханұлының қы­тайтану ғылымы аясында жазған еңбектері мен пікір-пайымдарының құны өте жоғары деп білеміз. 
Сөзімізді қорыта келе ай­та­ры­мыз, отандық қытайтану ғы­лы­мы­ның қалыптасуы мен дамуына елеу­лі үлес қосып келе жатқан, бұл күн­де еліміздегі бірегей ғылыми зерт­теу ордасы – Р.Сүлейменов атын­­­дағы Шығыстану институтын бас­қарып отырған филология ғы­лым­дарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қай­рат­кері Дүкен Мәсімханұлының осы зерттеулері мен сұхбаттарының өзі­нен-ақ оның осы саладағы білік­ті де білімді маман екенін, қытай­дың тілі мен мәдениетіне, тарихына жетік зерттеуші ғалым екенін анық аңғаруға болады. Ғалым қай зерт­теуін­де болмасын, қай сұхбатында бол­масын, қытайтану ғылымының бас­талу жолдарына, қытайтану ғыл­мы­ның өзектілігіне, мәні мен маңы­зына айрықша тоқталады. Яғни, қы­тайтану ғылымы арқылы ежелгі қы­тайдың жазбаша деректерінде сақталған ежелгі түрік және қазақ та­рихы мен мәдениеті туралы құн­ды деректерді табуға болатыны да тілге тиек етіледі. Шынымен де қы­тай­тану ғылымының еліміз үшін ст­ра­тегиялық маңызы айрықша, бе­рері де мол. Сонымен бірге Дүкен Мә­сімханұлы сұхбаттарында өзінің өмір­лік тәжірибесінен жиған, көз­бен көріп, көңілге түйген көкейтесті мә­се­лелерді де көтерген. Әр сұхбат­тың айтары көп, астары терең ой салады. 
Автор аталған еңбегінде сан-са­ла­лы ғылымды бір-бірімен ұштас­ты­ра отырып, әр тақырыпты әр қы­рынан ғылыми түрде жүйелі зерт­теп, тың деректерді молынан пай­даланып, отандық шығыстану ғы­лымының қыр-сырын, өзектілігін жан-жақты зерделеп, оқырманға тү­сінікті тамаша тәсілдермен жет­кі­зіп берген. Қысқасы, Дүкен Мә­сім­ханұлының аталған зерттеулер мен сұхбаттар жинағын жалпы отандық шы­ғыстануға, соның ішінде түр­кі­тану мен қытайтану ғылымына қо­сылған сүбелі еңбек, үлкен олжа деп сеніммен айтуға болады. 

Ертай Жомарт, 
шығыстанушы,  мәдениеттану магистрі 

Серіктес жаңалықтары