576
Абай облысында үш тұрғын жоғалып кеткен
Полиция жоғалып кеткен адамдардың көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатыспағанын мәлімдеді.
Абай облысы Аягөз ауданында суда жоғалып кеткен үш адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады Polisia.kz.
"Қарағаш ауылының азаматтары МТЗ 82 маркалы тракторымен "Шалқар" шаруа шаруашылығынан Қарағаш ауылына қарай бет алған. Аталған трактор көлігіндегі екі ер адам жолды қысқарту үшін өзенді кесіп өтпек болған, алайда су деңгейінің көтерілуіне байланысты, олар өзеннің ортасында қалып қойған, бүгінде аталған азаматтардың нақты қайда екені белгісіз күйде қалып отыр", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, 23 наурыздан бері Аягөз өзенінен өтпек болып, аттан суға құлап кеткен 46 жастағы ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Зардап шеккендер көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстарына қатысқан азаматтар емес екені айтылды.