Маңғыстау облысында теңіз жағасынан 40 итбалықтың өлексесі табылды

Аудандық балық инспекциясы өлекселерді жинастырып жатыр.

Маңғыстау облысында теңіз жағасынан 40 итбалықтың өлексесі табылды
mangystaumedia.kz
668

Форт-Шевченко қаласында теңіз жағалауында 40 итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлады turkystan.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық балық инспекциясының мәліметінше, мониторинг тобы Түпқараған ауданында табылған өлекселерді тексеруге аттанған.

Өткен түнде батыстан соққан желден жағаға итбалықтар шығып қалған.

Қазіргі уақытта аудандық балық инспекциясы мен әкімдік өлекселерді жинастырып жатыр.

«Қосымша инспекторлардан құралған топ Түпқараған ауданына кетті. Оның ішінде экология департаментінің мамандары да бар. Ұшалардың теңізге шығуына солтүстік-батыстан толассыз соққан жел себеп болып отыр. Негізінен, итбалықтар теңізде өледі, табиғи ыдырау процесі кезінде қаңқалар қалқып, оларды қатты желмен жағаға шығып қалады. Әдетте, итбалықтардың өлімі ауа температурасы, басқа жерде су жылынған кезде пайда болады. Ал жел оларды жағаға шығарады», - деді Маңғыстау облысының балық инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Андрей Рудский.
 

Серіктес жаңалықтары