858
«7-20-25» бағдарламасы бойынша 73 мыңнан астам қарыз берілді
«7-20-25» - Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған әлеуметтік бағдарлама
2024 жылғы 28 наурыздағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 999 млрд теңгеге 73 161 қарыз берілген. Бұл туралы Ұлттық Банктің баспасөз қызметі хабарлады.
«7-20-25» - Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған әлеуметтік бағдарлама, ол әрбір қазақстандық үшін қолжетімді несие беру шарттарымен тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Қазақстанда тұңғыш рет бағдарламаға қатысушының өзі таңдай алатын құрылыс салушылардың тек бастапқы нарығына арналған тұрғын үй бағдарламасы қабылданды.