983
Жаңбыр, қар: бүгін ауа райы қандай болады?
30 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды
«Қазгидромет» наурыздың 30-ына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.
Мәлімет бойынша, еліміздің басым бөлігінің ауа райын циклон жырасы және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер айқындайтын болады.
Осыған байланысты Қазақстан бойынша күн құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын болжанады.