1355
Алматы облысында су қоймасының бөгеті жарылды
Оқиға орнында төтенше жағдайлар департамтентінің бастығы мен жеке құрамы, облыс әкімі бар
Алматы облысының Байкент ауылында Ворошилов су қоймасының бөгеті жарылды, деп хабарлады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәлімет бойынша, Байкент ауылында Ворошилов су қоймасы бөгетінің бір бөлігінің шеті жарылды.
Су Жармұхамет өзенінің негізгі арнасы бойымен өтуде. Тоғандарға құйылатын барлық шлюздер ашық. Су транзиттік режимде ағуда. Халықты хабардар ету жүргізілуде, - делінген ресми хабарламада.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар департамтентінің бастығы мен жеке құрамы, облыс әкімі бар.