Ер адам әйелінің көз алдында көз жұмды

Осы факті бойынша қылмыстық іс тіркелді

Ер адам әйелінің көз алдында көз жұмды
astanatv.kz
1007

Шымкентте қайғылы жол апаты болды, деп хабарлады turkystan.kz.

Kia автокөлігінің жүргізушісі әйелімен бірге жол бөлігін кесіп өтіп бара жатқан 1976 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Бәйтереков көшесінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші есін жимай, сол жерде көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша, 29 жастағы Kia жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 48 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Осы факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары