Ақтөбедегі су басқан ауылда егіздер дүниеге келді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ақтөбедегі су басқан ауылда егіздер дүниеге келді
Денсаулық сақтау министрлігі
1069

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданындағы су басқан Нұра ауылында әйел жүктіліктің 36 аптасында мерзімінен бұрын босанды.

Ауыл аудан орталығынан 90 км қашықтықта орналасқан. Тасқынның салдарынан жол жабық.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жіберген акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматологтан құралған бригада межелі жерге дейін бара алмады.

Ауыл дәрігерлері ананы өз беттерінше босандыруына тура келді. Жүкті әйел дәрігерлік амбулаторияға жеткізілді. Жалпы тәжірибелік дәрігер мен медбикенің қатысуымен әйел сәтті босанды. Салмағы 2800 г және 3050 грамм болатын екі қыз дүниеге келді, - деп мәлімдеді ведомстводан.

Қазіргі уақытта ана мен жаңа туған нәрестелердің жағдайы жақсы. Олар қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілген.

ҚМ-нің тікұшағы ана мен баланы аудан орталығындағы ауруханаға жеткізді.

Серіктес жаңалықтары